Мектеп / Сабақтан тыс жұмыстар

Сабақтан тыс жұмыстар

Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатында оқушылардың жан-жақты өсуіне үлкен көңіл бөлінеді, ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды өткізуге барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, үйірмелер, ҰБТ, SAT және IELTS-ке дайындық бойынша қосымша курстар бар. Мектепте оқушылардың тіл, спорт, өнер, музыкалық қабілеттері мен дағдыларын дамытатын 13 түрлі үйірме бар.

Біздің мектеп үйірмелеріне төмендегілер кіреді:
Корей тілі
Неміс тілі
Жылдам оқу
Домбыра (қазақтың ұлттық музыкалық аспабы)
Вокал / Хор
Халық билері
Спорттық би және фитнес
Волейбол
Шахмат, тоғызқұмалақ
Қазақ дебаты
Ағылшын дебаты
Қолөнер
Өнер клубы
Сенбі күндері олимпиадаға, ҰБТ, SAT, IELTS және қосымша сабақтарға дайындық курстары өткізіледі.
Made on
Tilda