Жаңалықтар

Құрметті ата-аналар, 6,7-сынып оқушылары!

Құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылғы 18 мамыр мен 26 маусымға дейін онлайн түрде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз! Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін, үміткерлерді тіркеу онлайн түрде өтеді. Үміткердің заңды өкілдері www.alkizbilim.kz сайтында қабылдау емтиханының онлайн-формасын (қатысу өтінімі) толтырады.

Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:

1. Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтінімі (онлайн-форма);

2) Туу туралы куәлігінің көшірмесі (скан немесе суреті), ЖСН(ИИН);

3) Фотосурет (3х4).

Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді!

Қабылдау емтиханы 1 кезеңнен тұрады:

2020 жылдың 27 маусым күні өтеді. Үміткер математика және логика сұрақтары, қазақ немесе орыс тілінде оқу сауаттылығы пәнінен тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады. Емтихан нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 4 шілдесінде онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар www.alkizbilim.kz сайтында өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.

Құжаттарды қабылдау тек ғана ОНЛАЙН түрде өтеді. Үміткер қабылдау емтиханы кезінде Алматы қыздар мектеп лицейіне келіп, емтихан тапсырмаларын орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, антисептиктері қол жетімді орындарда орнатылады. Баршаңызға сәттілік!
Made on
Tilda