Жаңалықтар

Құрметті ата-аналар, сүйікті оқушылар!

Баршаңызға мәлім болғандай, коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен мектептерде наурыздың 16-нан бастап сәуірдің 5-не дейін көктемгі каникул белгіленді. Сондай-ақ, мемлекет басшысының шешімімен республика төңірегінде наурыздың 16-нан сәуірдің 15-не дейін төтенше жағдай енгізілді. Яғни, 4-тоқсанның сабақтары төтенше жағдай шарттарында жүргізіле басталуы тиіс.

Осыған орай, 4-тоқсанның сабақтары онлайн жүргізіле басталатынын хабарлаймыз.

Қазіргі таңда мұғалімдеріміз қашықтықтан сабақ жүргізуге дайындық жасауда. Оқушыларымызды онлайн режимде сабақ өтуге алдын ала дайындау мақсатында Наурыз мерекесінен кейін мұғалімдеріміз сынама түрде сабақ өткізеді.

Оқушыларымыздың онлайн түрде білім алулары үшін сіздерден үйіңізде керекті жағдай жасауларыңызды өтінеміз.

Төтенше жағдай аяқталған жағдайда мектеп өз жұмысын әдеттегі режимде жалғастырады.

Мұғалімдеріміз орын алып жатқан жағдайдың маңыздылығын жете түсінеді және барлық күш-жігерін салып, өз ісін жауапкершілікпен атқарады деп сенеміз.

Бұл күрделі жағдайды бәріміз бірге еңсереміз деп сенемін, оқушыларымыз аман, отбасыларымызда тыныштық болсын, біз біргеміз!

Құрметпен, Алматы қыздар мектеп-лицейінің әкімшілігі
Made on
Tilda